Munarmedia.kz ақпаратық-танымдық медиа портал
Астана
USD 501.21
Menu

Ресей ТЭЦ салмаса, Қазақстан өз күшімен іске асыруға дайын — Скляр

163


АСТАНА. 18 маусым. Munarmedia.kz — Ресей тарапы уәде еткен үш жылу электр станциясының (ТЭЦ) құрылысы кейінге шегерілді. Қазақстан жобаны өз бетінше жүзеге асыруға дайын. Бұл туралы ҚР Премьер-министрінің орынбасары Роман Скляр «Орталық Азия – Қытай» саммиті аясында мәлімдеді.

Оның айтуынша, ресейлік тараппен келісім жасалған, алайда экспорттық қаржыландыру кешіктірілуде. Егер қаржы түспесе, Қазақстан жобаны ресейлік серіктестерсіз-ақ іске асырады.

«Біз „Самұрық-Энерго“ арқылы ТЭЦ салып, тариф кепілдігі негізінде жобаны жүзеге асыра аламыз», – деді вице-премьер.

Алайда құрылысқа қазақстандық мердігерлердің тартылатыны әзірге нақты белгісіз. Бұған дейін Скляр Көкшетау, Семей және Өскемендегі ТЭЦ құрылысына инвесторды ауыстыру мүмкін екенін айтқан болатын.