Ресей Тоқаевтың Орыс тілі жөніндегі халықаралық ұйым құру бастамасына алғыс білдірді — Сергей Лавров

35


Munarmedia.kz 12.03.2026 /Astana/ – Ресей Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Орыс тілі жөніндегі халықаралық ұйым құру бастамасына ризашылығын білдірді. Бұл туралы Ресейдің Сыртқы істер министрі Сергей Лавров Мәскеуде өткен ұйымның алғашқы министрлік конференциясында айтты.

11 наурыз күні Мәскеуде Орыс тілі жөніндегі халықаралық ұйымның бірінші министрлік конференциясы өз жұмысын бастады.

Аталған ұйымды құру бастамасын Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 2021 жылдың желтоқсан айында көтерген болатын. Ал ұйымды құру туралы келісімге 2023 жылы Бішкекте Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан, Ресей, Тәжікстан және Өзбекстан мемлекеттерінің басшылары қол қойған.

Ұйымның негізгі мақсаттары – орыс тілін қолдау және дамыту, достық пен өзара түсіністік қағидаттарына негізделген халықаралық ынтымақтастықты нығайту, сондай-ақ бұрынғы Кеңес Одағы елдері халықтары арасындағы мәдени-гуманитарлық байланыстарды сақтау болып табылады.