Munarmedia.kz ақпаратық-танымдық медиа портал
N/A Астана
USD 467.29
Menu

Ресейлік депутаттар рұқсатсыз шетелге шыға алмайды

31

Ресей президенті Владимир Путин мемлекеттік дума және федерация кеңесінің депутаттарын шетелге шығар алдында рұқсат сұрауға міндеттейтін заңға қол қойды. Рұқсатсыз сапарға шыққандар мандаттарынан айырылуы мүмкін.

Заң авторлары мұны Украинамен соғыс жағдайында санкциялық қысым мен шетел арнайы қызметінің белсенділігі "айтарлықтай" жанданған тұста қауіпсіздік үшін қажет деп түсіндірді. Депутаттар қызмет бабымен де сапарларға шыға алмайды.

Заң жобасында сапарларға кім рұқсат беретіні жазылмаған. Құжатта оған дума мен федерация кеңесі мұны өздері шешуі керек екені көрсетілген.

Заң жобасы депутаттық мандатты қайтарып алуға бастамашы бола алатын мемлекеттік дума ішіндегі құрылымдардың тізімін көбейтеді. Енді мұны тек фракция мен комитеттердің бастамасымен ғана емес, парламенттік комиссия да жасай алады.