Украина президенті келісімге келу үшін Путинге ешқандай сыйлық жасамайтынын және ештеңені де ұмыт қалдырмайтынын ашық айтты. Киев соғысты тоқтату үшін өз территориясынан бас тартпайды. Қорғанысы мен энергетика саласын күшейту үшін халықаралық серіктестерімен байланысты нығайта түседі. Қазір Украинаға Ресей нысандарына қарсы шабуыл жасауға үшін мыңдаған ұшқышсыз ұшақтар, қашықтықтан дәлдеп соққы жасайтын зымырандар қажет. Зеленский өткен аптада АҚШ-қа осындай көмек сұрау үшін арнайы барған. Алайда Путинмен Будапеште кездесем деген Трамп оларға «әрқайсың өзіңді жеңімпаз деп танып, осы жерден соғысты тоқтатыңдар» деп келісімге келуге шақырды. Америкалық басылымдар осы жолы Трамп Зеленскийге Донецк облысынан бас тартуды ұсынған деп хабар таратты. Алайда Зеленский оған қарсы. Украина Президенті қандай келісім болса да, екінші тараптың қатысуынсыз өтпеуі керек деп есептейді.
Ресейлік мұнай өңдеу зауыттарына күн сайын соққы беріп жатырмыз - Зеленский