Munarmedia.kz ақпаратық-танымдық медиа портал
N/A Астана
USD 467.29
Menu

Ресейлік тыңшылар Қазақстан билігін сынау үшін "Боратты" жалдамақ болған

43


 
Тыңшылар Голливуд актері Саша Барон Коэнді жалдап, оның танымал “Борат” кейіпкері арқылы Қазақстан билігін сынайтын бейнебаян түсіруді жоспарлаған.
 
Сотта күдіктілер алқабилерге ресейлік қауіпсіздік қызметтері қазақстандық арнайы қызметтерге ұйымдастырылғалы жатқан наразылық акциялары туралы жалған ақпараттар беріп, "олардың ықыласына ие болғысы" келгендері туралы мәлімдеме жасады.
 
Тыңшылық желіні басқарған болгариялық Орлин Русеев сотта қазақстандық арнайы қызметтердің уақыт өте келе олардың деректеріне мән беруді тоқтатқанын айтты. Сондықтан ол екі депутатқа Ұлыбритания парламентінде Қазақстандағы адам құқықтарының бұзылуы мәселесін көтеруді тапсырғанын мойындады.