Munarmedia.kz ақпаратық-танымдық медиа портал
Астана
USD 501.21
Menu

Ресейлік жұлдызға ЦОН-дағы VIP-қызмет депутаттың ашуын туғызды

72




Мәжіліс депутаты Мұрат Әбенов ресейлік продюсер Яна Рудковскаяның Астанадағы ХҚКО-ға (ЦОН) барған сапары кезінде «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының басқарма төрағасы Арман Кенжегалиевтің жеке өзі еріп жүруін сынға алды.

Бұл туралы депутат Facebook парақшасында жазып, азаматтардың тең құқықтары бұзылды деп есептейтінін мәлімдеді және Цифрландыру министрі Жаслан Мадиевтен ресми түсініктеме талап етті.

«Мемлекет әр азаматқа тең мүмкіндік кепілдейді. Демек, мұндай қызмет түрін кез келген адам дәл осындай жағдайда алуға құқылы», – деді ол.

Мұрат Әбенов Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Біреулерге бәрі, қалғандарға – заң бойынша» деген көзқарасқа жол жоқ» деген сөзін еске салып, жоғары лауазымды шенеуніктің шетелдік қонақты қызметтік уақыт пен мемлекеттік ресурстарды пайдаланып жеке алып жүруінің заңдылығын сұрады.

«Кемі бес литр бензин жақты, бірнеше қызметкерді жұмысынан алаңдатты, біреу кезекте артық уақыт тұрды», – деп мысқылдады депутат.

Сонымен қатар, ол шоубизнес өкілдеріне ерекше қызмет көрсету дәстүріне қарсы пікір білдіріп, Артемий Лебедев пен Лев Лещенко қатысқан алдыңғы жағдайларды да мысалға келтірді.

Фото: Мұрат Әбеновтің Facebook парақшасынан