Режеп Тайып Ердоған Астанаға жұбайымен келді
Ол ертең Астанадағы 24-ші Шанхай ынтымақтастық ұйымының саммитіне қатысады.
Қазақстанға сапары барысында Түркия президенті жұбайы Эмине Ердоған, сыртқы істер министрі Хакан Фидан, энергетика және табиғи ресурстар министрі Алпарслан Байрактар, қазынашылық және қаржы министрі Мехмет Шимшек, сауда министрі Өмер Болат, президенттің бас кеңесшісімен бірге келді. Сыртқы саясат және қауіпсіздік мәселелері бойынша Акиф Чагатай Кылыч, президент әкімшілігі жанындағы байланыс департаменті басшысының орынбасары Шағатай Өздемир де бар.