Риши Сунак Консервативтік партияның жалпы сайлаудағы ең ірі жеңілісі үшін кешірім сұрады.
Риши Сунак Консервативтік партияның жалпы сайлаудағы ең ірі жеңілісі үшін кешірім сұрады.
Риши Сунак Парламент тарихындағы ірі жеңіліс үшін халықтан кешірім сұрады. Кир Стармер бастаған Лейбористік партияны жеңіске жеткізді.
Сайлау науқанындағы жеңіліс үшін жауапкершілікті мойнына ала отырып, өз басқарған «Үкіметтің» жұмысына халықтың ашуын естігенін жеткізді. «Алдымен мен халқымнан кешірім сұрағым келеді. Мен бар күш жігерімді осы жұмысқа салдым.
Бірақ сіздер Ұлыбритания Үкіметінің өзгеруі керек екенін айттыңыздар.
Мен сіздердің ашулы сөздеріңізді естідім. Сондықтанда бар жауапкершілікті мойныма алам» деді.
Даунинг-стриттегі сөзінен кейін Сунак мырза жұбайымен корольге қызметінен босату туралы өтініш беру үшін кетті.
Сайлау нәтижесі бойынша лейбористер үкімет құрамын бекітеді. Қзаіргі таңда оларда 412 депутаты бар. Бұл алдыңғы сайлау нәтижесіне қарағанда 211 өскен.