Кеше Қазақстан Ұлттық Банкі жылдық 15,25% базалық мөлшерлемені өзгертпей сақтау туралы шешім қабылдады.
Осыған байланысты ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, «Ақ жол» демпартиясының төрағасы Азат Перуашев: «Бұл шешім емес, бұл - қорыққаннан басын құмға тығу!», - деп сыни пікірін білдірді.
Азат Перуашев:
– Инфляцияға теңгенің көптігі емес, отандық тауар өндірісінің жетіспеушілігі қысым жасайтыны, оның табиғи салдары ішкі нарықтың импортқа тәуелділігі екені баршаға бұрыннан белгілі. Ал доллардың нығаюы, дәлірек айтсақ, сауда шектеулерінің ауыртпалығынан Қазақстан да зардап шегетін Ресей рублі бағамының төмендеуі (рубльдің теңгеге айырбасталуына және республикада долларды сатып алуға байланысты) әсер етіп отыр. Салдарынан инфляция теңгені одан әрі құнсыздандырып, қысымға ұшырап жатыр. Бұл санкциялар салдарынан құлдыраған рубльдің экономикамызды да құлдыратып, жерге тыққанынша жалғасады!
Рубль экономикамызды құлдыратуда - Азат Перуашев
