Munarmedia.kz 07.01.2025 /Астана/ ССГПО АҚ-ға қарасты «Соколовская» шахтасында бақылаусыз жарылыс салдарынан 55 жастағы скреперлік лебедка машинисі жарақат алды. 5 қаңтар күні болған оқиға фактісін кәсіпорынның корпоративтік коммуникациялар қызметі растады.
Еңбек өтілі 25 жылды құрайтын машинист жер астындағы тау-кен қазбасында, яғни өндірілген кенді төмен түсіруге арналған дучкада ірі кен кесектерінің тұрып қалуын жою жұмыстарын атқарып жатқан. Аталған жұмыстар өнеркәсіптік жарылғыш заттарды қолдану арқылы жүргізілген.
Жарақат алған машинист Рудный қалалық ауруханасына жеткізілді. Оқиғаға байланысты тиісті тергеу тағайындалды.