Интернетте Алматының бұрынғы әкімі Бауыржан Байбектің жаңа суреті пайда болды. 2022 жылғы Қаңтар оқиғасынан кейін жұртшылық алдына шықпаған экс-әкім бұл жолы Жапонияда, гүлдеп тұрған сакураның аясында суретке түскен.
Бұл фотоны Bakordamems аккаунты жариялап, былай деп жазды:
«Экс-әкім Байбек қазір Жапонияда. Сакураның гүлдегенін көруге келіпті. Жаңалықтан хабардар етіп отырмын».
Қайда жүргені белгісіз болған Байбек енді Жапониядан шықты ма?
2022 жылғы Қаңтар оқиғасынан кейін Байбек саясаттан кеткендердің бірі болды. Ол "ескі Қазақстанның" өкілі ретінде AMANAT (бұрынғы Nur Otan) партиясы төрағасының бірінші орынбасары қызметінен кетті.
Оның қайда жүргені туралы нақты ақпарат жоқ. Бұған дейін экс-әкім Германияда, кейін Солтүстік Кипрде тұрып жатыр деген болжамдар айтылған. Соңғы екі жылда әлеуметтік желілерде де белсенді болмады. Соңғы жазбалары тек Қаңтар оқиғасына қатысты болған.
Отбасы мен бизнес-империясы
Байбектің отбасы ірі бизнес құрылымдарымен танымал. Оның әкесі Қыдырғали Байбек – Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың сыныптасы. Осыған байланысты Байбектің саяси мансабына Назарбаевтың тікелей ықпалы болды.
Әкім кезінде есте қалған істері:
📌 Алып тиін ескерткіші – Алматыдағы ең даулы жобалардың бірі, халық арасында мемге айналды.
📌 Мемлекеттік қызметкерлермен аралас бизнес – оған қатысы бар деп саналатын шенеуніктерге қатысты тергеулер әлі де жалғасуда.
Сондай-ақ, Bolashak Consulting Group компаниясының қызметі зерттелуде. Бұл компания Қазақстанның мүддесін қорғау үшін Стати отбасы бизнесмендерімен соттасқан. Осы іске бұрынғы әділет министрі Марат Бекетаевтың қатысы бар делініп, қазір ол қамауда отыр.
Ал Назарбаев ше?
Бір жыл бұрын Назарбаев БАӘ-де жүргені белгілі болды. Бір қызығы, ол туралы жаңалық шыққан соң көпшілік бір маңызды детальды байқады…
📷 Фото: Bakordamems, Ақорда