Munarmedia.kz 03.10.2025 /Астана/ Қазақстанның ұлттық әл-ауқат қоры — «Самұрық-Қазына» — басшылық құрамын цифрлық дәуірге бейімдеуде батыл қадам жасады. 2 қазан күні қордың Директорлар кеңесіне жаңа мүше — SKAI атты жасанды интеллект жүйесі ресми түрде қосылды. Осылайша, SKAI Орталық Азияда дауыс беру құқығына ие алғашқы цифрлық тәуелсіз директор атанды.
Нейрожүйе 2008 жылдан бері қабылданған Директорлар кеңесінің шешімдерін, сондай-ақ ішкі және сыртқы нормативтік құжаттарды сараптап, талдайды. SKAI — «Қазахтелеком» әзірлеген Al Farabium суперкомпьютері базасында жұмыс істейді. Барлық ақпарат ел аумағынан тыс шықпайды, ал ИИ моделі отандық Alem LLM технологиясы негізінде жасалған.
Цифрлық топ-менеджер Digital Bridge 2025 халықаралық форумында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевқа таныстырылды. Президент бұл бастаманы құптап, бұрын өзі берген тапсырманы еске салды — мемлекеттік басқаруды үш жыл ішінде толық цифрлық форматқа көшіру.
– Бұл жоба ішкі процестерді оңтайландыруда нақты тиімділік береді. Жасанды интеллектті енгізу — қоғам өмірін өзгертіп, оны технологиялық әрі заманауи етеді. Бұл өз кезегінде қазақстандықтардың болашаққа деген сенімін нығайтып, прогрессивті көзқарасты қалыптастырады, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев форумда сөйлеген сөзінде.
Дегенмен, уақыт көрсетеді: SKAI «Самұрық-Қазынаның» бұрынғы директорлар кеңесінің мүшесі — жуырда ғана қызметінен босатылған Қанат Шарлапаевтан тиімдірек бола ма, жоқ па.
Айта кетейік, дәл осы форумға Telegram платформасының негізін қалаушы әрі бас директоры Павел Дуров та қатысты. Ол жасанды интеллекттің болашағы жайлы өз ойымен бөлісті.