«Шанхай бестігінен» «Шанхай Ынтымақтастық Ұйымына» дейін
Міне осылай ХХ ғасырдың 90-жылдарында тағы да басқа да туындаған жаңа жағдайлардың қатарында өмірге енді келген бұл тәуелсіздік мемлекеттердің көпшілігінің әсіресе шекараларық аймақтары халықаралық деңгейдегі шиеленісті өңірлерге айналды. Және де бұл жаңа мемлекеттер территорияларымен шекаралары түйісетін Қытай Халық Республикасына да аталған бағытта жедел шаралар қолдануды талап етті. Осындай жағдайлардан барып, 1996 жылдың 26 сәуірінде Шанхай қаласында Қытай, Қазақстан, Қырғызстан, Ресей Федерациясы мен Тәжікстан мемлекеттері басшыларының арасында өзінің қажеттілігін айқындай бастаған бұл елдердің «Шекаралық аймақтарындағы әскери өзара сенімді тереңдету» туралы келісімге қол қойылды. Ал, 1997 жылдың 24 наурызында Мәскеуде болған кездесуде аталған елдер басшылары аса маңызды «Шекаралық өңірдегі қарулы күштерді қысқарту» туралы келісімдіталқылап, бекітті. 1997 жылдың 20 мамырында аймақтағы қалыптасқан келелі жағдайларға бірлесе жауап беру мақсатында Ресей мен Қытай мемлекеттері басшылары (Борис Ельцин мен Цзян Цзэминь) «Көпбағытты бейбітшілік» атты декларацияға қол қойды. Ал, қол қойылған бұл келісімдер жаңа аймақтық «Шанхай бестігінің» өмірге келгендігін көрсетті.Міне осы уақыттан бастап жаңадан құрылған «Бестік» ұйымы Орталық Азиядағы аталған мемлекеттер арасындағы сенімді бейбітшілікті қамтамасыз етудегі негізгі кепілге айналды. Ұйымға мүше елдердің көрсетілген саладағы өзара қатынастарында түсіністік, мемлекеттердің ішкі істеріне араласпау, жаңа қалыптасқан шекараларды құрметтеу талаптарына басты назар аударылды. Осындай талаптарды орындау, болашақ атқарылар шараларды іске асыруда Шанхай бестігіне мүше елдер жетекшілерінің кездесулері жүйелі түрде ұйымдастырылып, олар өзара түсіністікті нәтижелерімен ерекшеленді.Көрсетілген бағыттағы ұйымның қызметі оған мүше мемлекеттер шеңберінен шығып, аймақтық және әлемдік деңгейге белгілі бола бастады. Өзі негізделген уақыттан ХХІ ғасыр басына дейінгі «Шанхай бестігінің» құрылу мақсаты мен қызметі туралы Файнэншл Таймс газетінің 2000 жылдың 31 наурызындағы санында саяси шолушы Дэвид Стерн «Шанхайская пятерка» намерена бороться с международным терроризмом» деген атаумен шолу жариялап, онда «Кеше «Шанхай бестігі» деп аталатын ұйымға мүше Қытай, Ресей, Қазақстан, Қырғызстан мен Тәжікстан қорғаныс министрлері халықаралық ланкестікке қарсы күресті күшейтуге өздерінің мүдделіліктерін білдірді.1994 жылғы Шанхайдағы бірінші кездесуден кейін «Бестік» деп аталған ұйым мұнымен бірге кең жолға қойылған есірткі мен заңсыз қару өткізуге қарсы ортақ күрес қимылдары мен бірлескен шекара аймағындағы әскерлерді қысқарту мәселелерін талқылады.«Шанхай бестігінің» мәлімдемесіне орай бірлескен әскери жаттығулар «міндетті» екендігі қарастырылады [1] жазып, бұл ұйымның өзінің негізделгеннен бергі мерзімдегі атқарған қызметтеріне және оның маңызына шолу жасады. Шындығында да құрылған мерзімінен ХХІ ғасырдың басына дейін бұл ұйым оған мүше мемлекеттердің шекаралары түйіскен аймақтарындағы аса маңызды қауіпсіздік, бәсеңдік пен өзара түсіністік бағытындағы ұйымдастыру шараларын нәтижелі негізде атқарғандығы белгілі.Аталған бестіктің алдындағы қызмет салаларының ұлғаюы, оған мүше болуға деген Азия құрлығы басқа мемлекеттерінің ұмтылысына орай 2001 жылдың 15 шілдесінде Қытай, Ресей, Қазақстан, Тәжікстан, Қырғызстан мен Өзбекстан басшыларының қатысуымен халықаралық «Шанхай Ынтымақтастық Ұйымы» өмірге келді. Құрылған уақыттан 20 жылдан астам мерзімде бұл халықаралық ұйымның Азиядағы бейбітшілік, тұрақтылық, ұғыныстық пен өзара түсіністікті қалыптастыру, кез-келген шиеленісті жағдайларды теңдік жағдайындағы келісімдер арқылы шешуге, тағы да басқа бағыттардағы бірлескен қызметтері Орталық Азия шеңберінен шығып, Бүкілазиялық, тіпті әлемдік деңгейдегі көптеген мемлекеттердің осы ұйымға деген ықыласын тудыра бастады. Өзінің құрылған уақытынан бері Шанхай Ынтымақтастық Ұйымы мүшелерінің әртүрлі келелі мәселелерді талқылап, тиісті іс-қимылдарын қабылдауға арналған мемлекет басшылары деңгейлеріндегі Саммиттерін өткізу қалыптасқан дәстүрге айналды. Ұйымның Тұрақты жұмыс органдары құрылып, қызмет атқарып келеді. Қазіргі күні Еуразия құрлығындағы көптеген келелі халықаралық саясатты жүргізу, шешімдер қабылдау ШЫҰ -ның қатысуынсыз іске асырылмайтындығы белгілі бола басталы. Қазіргі уақытта Үндістан, Иран, Қазақстан, Қытай Халық Республикасы, Кырғыз Республикасы, Ресей Федерациясы, Тәжікстан, Пәкістан және Өзбекстан бұл ұйымның мүшесі болып табылады. Көптеген мемлекеттер ұйымның жұмысына бақылаушы және мүдделі елдер ретінде қатысып келеді. Осының өзі аталған халықаралық ұйымның қажеттігі оның қызметінің маңыздылығы мен нақты беделін айқындай түсуде. Бүгінгі күні Қазақстан Республикасының Төрағалығымен өтіп жатқан Шанхай Ынтымақтастық Ұйымына мүше және оның жұмысына бақылаушы, мүдделі елдер ретінде қатысатын мемлекеттер басшыларының Астана Саммитінде де Еуразия құрлығындағы бейбітшілікті, өзара тұрақтылық пен сенімді қамтамасыз етуге арналған келелі мәселелер талқыланып, өзінің нақты жемісін беретіндігіне сеніміміз мол. Дереккөздер:1.Архив Президента РК, Фонд 5-Н, опись 1, дело 6484, лл.54,55-56Қарасаев Ғ.М., т.ғ.д., ҚР ҒЖБМ ҒК Мемлекет тарихы институты
Автор: Е-history.kz