Munarmedia.kz ақпаратық-танымдық медиа портал
Астана
USD 501.21
Menu

Сара Назарбаеваның қайтыс болғаны жөніндегі қауесетті жоққа шығарды

55


Қазақстанның тұңғыш Президентінің баспасөз хатшысы Айдос Үкібай 14 мамыр күні қоғамда тараған мәліметке ресми түсініктеме беріп, Сара Алпысқызы Назарбаеваның көз жұмды деген ақпаратты жоққа шығарды.

— Бұқаралық ақпарат құралдарының сауалдарына орай мәлімдеймін: Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың жұбайы Сара Алпысқызы қазіргі таңда ауруханада ем қабылдап жатыр. Оның қайтыс болды деген хабар шындыққа жанаспайды, — деп жазды Үкібай әлеуметтік желіде.

Бұл мәлімдеме еліміздің ресми ақпарат агенттігі – «ҚазАқпаратта» жарияланды.

Ал Telegram желісіндегі «ГосАрхив» арнасы аталған қауесеттің 14 мамыр күні «Orda.kz» сайты арқылы таралғанын хабарлады. Басылымның бас редакторы — Гүлнара Бажкенова. Олар өз жаңалықтарында аурухана аумағында қауіпсіздік шаралары күшейтілгенін алға тартқан.

Осылайша, әлеуметтік желіде кеңінен таралған жалған ақпарат ресми органдар тарапынан жоққа шығарылып, қоғамның алаңдаушылығына нүкте қойылды.