Ақтөбеде билікті асыра пайдаланды деп айыпталған 42 жастағы сержанттың соты өтті.
Іс материалдары бойынша оқиға Ақтаудағы №25744 әскери бөлімде болған. Медициналық ротаның аумағын тазарту кезінде сержант темекі тұқылын тауып, екі қатардағы жауынгерден оны жеуді талап етті. Сарбаздар айтқанын істеген, кейін олардың бірі уланып, медициналық пунктке жүгінген.
Сержант кінәсін мойындамады. Ол ешкімді темекі тұқылын жеуге мәжбүрлемегенін және күш қолданбағанын мәлімдеді. Оның айтуынша, ол жай ғана ескертулер жасаған, ал оның сөздерінің растайтын куәгерлердің сөзі еленбегенін айтқан.
СОТ ШЕШІМІ
Сот сержанттың кінәсін толық дәлелденген деп тапты. Оның 2 жыл бас бостандығы шектелді. 100 сағаттық мәжбүрлі еңбекпен айналысуға міндеттелді.
Сарбаздарға темекінің қалдығын жегізген сержантқа үкім шықты
