Munarmedia.kz ақпаратық-танымдық медиа портал
N/A Астана
USD 467.29
Menu

Сәтбаев қаласында «Қазақмыс» кеншілері ереуілге шықты

73



«
Қазақмыс» корпорациясының «Оңтүстік Қазақстан» филиалының №65 шахтасының «Жезқазғанцветмет» кенішінде 200-ден астам адам жұмысын тоқтатқан.

«Жезқазғанцветмет» қызметкері Қайрат Баукен наразылық шахтаға үшінші ауысым түсуі керек болған кезде басталғанын хабарлады. Кеншілер жұмысты жалғастырудан бас тартқан.

Ереуілге халықаралық нарықтағы мыс құнының, доллар бағамының өсуі және өнімдер мен коммуналдық қызметтердің қымбаттауы түрткі болған.

Жұмысшылардың басты талабы жалақыны кем дегенде 30%-ға көтеру болған. Кейіннен бұл талап өзгеріп, жалақыны 100%-ға арттыру талап етілді. Олар өздеріне қысым көрсетпеуді де талап етті.