Сенатор Ольга Булавкина шекара маңындағы ауылдардың не көріп отырғанына алаңдаулы

286

Munarmedia.kz.01.07.2025 /Астана/-Сенатор Ольга Булавкина шекаралық ауылдарда ресейлік телеарналарды көрушілер саны артып келе жатқанын айтып, бұл жағдайға алаңдаушылық білдірді. Оның сөзінше, жергілікті тұрғындар көрші мемлекеттің идеологиясын сіңіріп жатыр, ал бұл ауылдарда көбіне интернет те, отандық сапалы телехабар тарату жүйесі де жоқ.

Булавкинаның бұл уайымына қосылмасқа болмайды. Мәселенің түп-тамыры айқын: көптеген азаматтарда балама таңдау жоқ, себебі инфрақұрылым жоқ, цифрлық байланыс дамымаған, ал отандық телеарналар тіпті қосылмаған.

Мұндай жағдайды түзетудің бір-ақ жолы бар:
– ауылдарға инфрақұрылым тарту,
интернет желісін тұрақты ету,
отандық телеарналарды қолжетімді ету,
– және ең бастысы — жастарға таңдау мүмкіндігін ұсыну.

Жастар тек арналар емес, өмірлік бағыттардың арасынан таңдай алатындай орта керек. Бүгін жолы жоқ ауыл — ертең үміті үзілген ұрпақ. Сондықтан мектепке баратын жолдан бастап, жарқын болашаққа апаратын жолды да салу қажет.

Ольга Булавкина енді бұл мәселені тек көтеріп қана қоймай, нақты қадамдарға көшеді деген үміт бар. Алда оның атқарар ісі аз емес — біз мұны жіті бақылауда ұстаймыз.