Munarmedia.kz ақпаратық-танымдық медиа портал
N/A Астана
USD 467.29
Menu

Шерзаттың отбасы: Нұрғанаттың өлемін деген ниеті болмаған

51



Марқұм Шерзаттың әкесі Қаржаубай Нұрымовтың айтуынша, Нұрғанат Ғайыпбаевтан хат келген соң олар бес адам болып іздеуге шыққан.

Алдымен Талғардағы зират аумағы алдынан марқұм мініп кеткен көлікті тапқан. "Есігі ашық болды, ішінде ұялы телефоны жатты" деді Нұрымов. Оның сөзіне қарағанда, зират алдында жар бар, інісі сол жерден төмен түскенін жердегі ізден анықтаған.

🗣

 "Біз түнде келгенде қар жауып тұрған, жардан түсіп, 500-700 метр жерде жол бойындағы қуысқа барып, талдың жиегіне отырып, өліп қалған. Мойнында сым тұрған. Құзырлы органдарға кеше бәрін түсіндірдім. Екі сағаттан артық жан-жақты іздедік. Мына жардың биіктігі – 7-8 метр, осыдан сырғып түскен. Бауырымның өлемін деген ниеті болған емес. Қандай шындықты айтып жатсақ да, бізді қаралап жатқан адамдар бар. Сол үшін артық ештеңе айтқым келмейді" деді Нұрымов.

Ол "әділ сот болады деп күтіп жүрдік" дейді.

🗣

 "Сараптама "өзіне қол жұмсады" дейді. Оны қосымша талдауға зерттеуге жіберемін" деді Нұрымов.

Талғардағы зиратта Шерзат Полаттың бейітінің қасынан тағы бір қабір қазылды.

🔸

 Құқық қорғаушы Саида Таукелеваның айтуынша, Шерзаттың қазасы бойынша тергеу аяғына жеткен, Нұрғанат Ғайыпбаев бұл істе жәбірленушілердің бірі болған. "Ол сотқа дайындалып жүрген еді" деді Таукелева. Оның сөзінше, Ғайыпбаевтың қазасына байланысты Қылмыстық кодекстің "Өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу" (105-бап) бабы бойынша іс қозғалған.