Щучинскідегі кафе жарылысы: үш адам сотталды

9

«Munarmedia.kz.08.09.2026.ASTANA Ақмола облысының Щучинск қаласындағы «Центр плова Loft» кафесінде болған газ жарылысына байланысты үш адам сотталды.

Сот үкімімен кафе иесі мен автогаз құю станциясының директоры жеті жылға бас бостандығынан айырылды. Ал газ жеткізуші алты жылға бас бостандығынан айырылды.

Қайғылы оқиға 26 ақпанда болған. Кафеде газ жарылып, салдарынан бастапқыда жеті адам қаза тапқан. Оқиға кезінде тағы 13 адам ауруханаға жеткізілген.

Кейін медициналық мекемеде ем алып жатқан зардап шеккендердің арасынан тағы бес адам көз жұмды. Осылайша, қайғылы оқиға құрбандарының жалпы саны 12 адамға жетті.

Тергеу мен сот барысында газ баллондарын пайдалану және сақтау кезінде қауіпсіздік талаптарының сақталмағаны анықталған.

Сот үш сотталушыны да оқиғаға байланысты кінәлі деп танып, тиісті жаза тағайындады.

#Щучинск #АқмолаОблысы #ГазЖарылысы #КафедегіЖарылыс #Сот #ТөтеншеОқиға #Қауіпсіздік #Munarmedia