Munarmedia.kz ақпаратық-танымдық медиа портал
N/A Астана
USD 467.29
Menu

Си Цзиньпин визасыз режим туралы: Туыстар бір-біріне жиі қатынауға мүмкіндік алды

17
«Өзара визасыз режим екі ел адамдарының бір-біріне, туыстарына жиі сапарлауына мүмкіндік берді. Екі арадағы сапарлардың саны былтыр 600 мыңнан, ал биыл алғашқы 3 айдың өзінде 200 мыңнан асты, жаңа рекорд тіркелетін түрі бар. Өңірлер арасындағы әріптестік те қарқын алып келеді. Әңгіме 26 бауырлас қаланың байланысы туралы болып отыр. Қытайлық науқастардың арасында зор құрмет пен беделге ие офтальмолог дәрігер С. Қабылбеков, сирек кездесетін «панда қаны» тобының доноры Руслан Төленов, Қытайда аса танымал әнші Димаш жаңа дәуірдегі Қытай-Қазақстан достығының елшілеріне айналды», - деді ол. ҚХР төрағасы Бейжің мен Астананың тығыз ықпалдастығы мен қатерлерге қарсы бірге қабылдаған жауаптары халықаралық аренада өз жемісін беріп жатқанын айтады. «Қытай мен Қазақстанның халықаралық және өңірлік істердегі ұстанымы ұқсас, ортақ, кешенді, бірлескен әрі орнықты қауіпсіздік тұжырымдамасын іске асыруды жақтайды. Екі ел де жер шарында бейбітшілік орнатуға, жаһандық ауқымда дамуға, әділетті әлемдік тәртіпке ұмтылады. Біз «Қытай-Орталық Азия» форматын құрып, БҰҰ, ШЫҰ, АӨСШК аясында және өзге де көпжақты диалог алаңдарында тығыз ықпалдастықтамыз. Бір-біріміздің халықаралық ынтымақтастық жөніндегі конструктивті бастамаларымызды белсенді қолдап, ортақ стратегиялық мүдделерімізді, қауіпсіздік пен даму мүдделерін батыл қорғап келеміз», - деді Қытай басшысы. Сондай-ақ мақалада қытайлықтардың дастарханында қазақстандық өнім көбейе түскені айтылған. Бұған дейін хабарланғанындай, 2-4 шілде күндері Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен Қытай Халық Республикасының Төрағасы Си Цзиньпин Қазақстанға мемлекеттік сапармен келеді. Ол сондай-ақ, Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттер басшылары кеңесінің 24-ші отырысына қатысады.