Munarmedia.kz ақпаратық-танымдық медиа портал
N/A Астана
USD 467.29
Menu

СҚО экономикалық сотының төрағасы қылмыс үстінде ұсталды

35

 Ол 15 мың АҚШ доллары сомасында пара алу кезінде ұсталып қалған. Бұл туралы Жоғарғы соттың баспасөз қызметі мәлім етті. Бүгін, 2024 жылғы 19 желтоқсанда Ұлттық қауіпсіздік комитеті мен ҚР Сот әкімшілігінің Петропавл қаласы бойынша Ішкі қауіпсіздік бөлімінің бірлескен іс-шарасының нәтижесінде Солтүстік Қазақстан облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының төрағасы Б., соттың мүдделі тұлғаның пайдасына оң шешімі үшін 15 мың АҚШ доллары сомасында ірі көлемде пара алу кезінде қылмыс үстінде ұсталды, — делінген хабарламада.

Айта кетейік, осыған дейін Абай облысы көші-қон қызметі басқармасының басшысы пара алды деген күдікке ілінгенін жаздық.

Сондай-ақ, СҚО-да аудан әкімінің орынбасары пара алды деген күдікпен ұсталғаны хабарланды.