ШҚО прокуратурасының үйлестіруімен ҰҚК-нің облыс бойынша департаменті Еуропа елдерінің бірінің азаматтары ұйымдастырған синтетикалық есірткі дайындайтын астыртын зертхананың қызметін әшкереледі.
Заңсыз айналымнан 630 мың бір реттік үлеске баламалы 125 кг астам «мефедрон», 500 литр прекурсорлар, сондай-ақ тәулігіне 30 кг дейін синтетикалық есірткі өндіруге мүмкіндік беретін жаңа буын зертханалық жабдықтар тәркіленді.
Тәркіленген есірткінің қара нарықтағы құны 3,5 млрд теңгеден асады.
Сот санкциясымен 2 шетелдік азамат қамауға алынды. ҚР ҚК 297-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде.
Тергеу мүддесі үшін қылмыстық іс бойынша өзге ақпарат жария етілуге жатпайды.
Оңғар Қабден