Шу қаласының орталық ауруханасында жүкті әйелдің қайтыс болғаны жасырылмақ болған.
Наурыз айының басында жергілікті Instagram пабликтердің бірі 25 жастағы жүкті әйелдің ауруханаға түскенін хабарлаған. Ол жоғары қан қысымы және түсік тастау қаупі диагнозымен ауруханаға жатқызылған.
Ресми емес мәліметтерге сәйкес, науқас бірнеше күн комада болып, жүрек-қантамыр жеткіліксіздігінен қайтыс болған. Туыстарына оның өлімі туралы хабарланбаған, ал оның мәйітін жертөледен күйеуінің өзі иістен байқап тапқан. Марқұмның отбасы аурухана басшылығы бұл жағдайды жасыруға тырысты деп күдіктенеді.
🔹 Жағдай қоғамға жария болғаннан кейін, ҚР Денсаулық сақтау министрлігі тергеу жұмыстарын бастады.
«Тергеу аяқталғанға дейін Шу ауданаралық орталық ауруханасының бас дәрігері мен перзентхана бөлімінің меңгерушісі қызметінен шеттетілді. Жамбыл облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Ерік Мусабаевқа қатаң сөгіс берілді», – деп хабарлады министрлік.
📌 Медицина стандарттары мен ережелерін бұзған басқа қызметкерлер де жазаланады (тіпті жұмыстан босатылуы мүмкін).
🔹 ҚР Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова Жамбыл облысының әкімімен кездесіп, өңірдегі перинаталдық қызмет сапасын жақсарту мәселесін талқылады.
Шу көпсалалы орталық ауруханасындағы босану бөлімінің жағдайын жақсарту жоспарланған.
📸 Фото: Pixabay