Құдай-ау, әлемжелі әлемтапырақ шулап жатыр. Менің «Құжырты құрбандары» (2023) шамасы 320 неше беттік кітабымның бір бетін жұлып алып талқыға салыпты. Мұнда жазылған бір сөйлемді іліп алып Жеңісхан Дүзелбайұлы есімді мемлекет және қоғам қайраткері тарихи ұлық тұлғаны «жағымпаз» деп жазды деп жазғырады!? Құдай сабыр берсін! «Жағымпаз» жаман деген атау кітаптың өн бойынан табылар болса – «кесер басым» оларға даяр.
1939 жылы сындарды маршал Х.Чойбалсан бүгінгі Баян-Өлгий аймағын орнатуға келгенде – сол кездегі айбарлы патшаны күтіп алу қызметін атақарған тұлға Жеңісхан Дүзелбайұлы, және қайраткер анамыз Жәмила Әпселеңқызы. Улаанхусқа ақбоз үй тігіп, көкқасқа шалып, екі күн бойы патшаның қолына су құйып тік тұрып қарсы алған, қазақы дәстүрмен үлкен қонақ кәдемен разы хош етіп сыйлаған өз кезіндегі ірі саясаткер абыз ағалар Жекеңдер. Бұл таңғайып абыз тұлғалар туралы мен соңғы отыз жыл бойы үздіксіз жазып келемін.
Маршал Х.Чойбалсанның хош ризалығы 105 жастағы Зымыра әженің баталы шаңырағында анық айтылады. Бұл туралы жазушы Мақпоз Құлыбекұлының кітабында да бар. Патшаға барша жұрттың атынан құрмет көрсетіп, көңілін тауып, шебер мәмілемен сол кездегі қыл үстінде тұрған «Баян-Өлгий аймағын» құруға уағдаласып, патшаның ықыласты батасы мен нақты пәрменін еппен алып қалған саясаткер, сарабдал тұлғалар аруақты асылдар – Жеңісхан Дүзелбайұлы, Қаби Бәжіұлы, Ноғай Шымшырұлы, Құрманхан Мұқамәдиұлы, Әжікен Сәдуұлы қатарлы қазақтың маңдайына біткен адал да ақылды қайсар ұлдары мен қыздары. 1939-1940 жылдары осы жағдайды жіберіп алған болса – бүгін бірегей тұтас та түғырлы ұлттық аймақ болып тұрмас та едік!?
Маршал Х.Чойбалсан ұмытпай Жеңісхан Дүзелбайұлын аймаққа басшы етіп, Жәмила Әпселеңқызын МҰҚ-ға жоғарғы лауызымға әкетуі – Жеңісхан секілді сарабдал саясаткелердің ақылының, айласының һәм қайран қасиетті қазақ руһының жемісі, жеңісі. Бүгін осындай қасиетті тұлғаға лағынет айтуға менің еш қақым жоқ, болмайды да. Керісінше аяулы руһтардың ұлы аруағына бас иеміз. Патшаға құрмет көрсетсе қылмыс бола ма!? Х.Чойбалсынның қасына бару, онымен иық тіресе тізелес отыру бақыты осы киелі Қызылқайыңның тумасы Жеңісхан Дүзелбайұлы қатарлы айбарлы шебер саясаткердің қолынан ғана келетін іс еді. Істің сәтіне орай оңынан туғаны дегенім осы гәп.
Ол кезде Х.Чойбалсанның тілін И. В. Сталин ғана тапқан расында. Жекеңдердің бұл тарихи жеңісі таңғаларлық мәмліле ғой.
Менімен бақайесебі мен ішкі ызыты бар кісілер болса аруақтаға жөнсіз тиіспей менімен сөйлесуге болар еді. Мен мұнда өзім құрмет тұтатын тарихи ұлы тұлғаны басқаның ниетімен сөзбұрмаға салып әдейі арандатуына жол бере алмаймын. Тіпті трайбализмен де қатысым жоқ – «Бар қазақ – менің жалғызым...».
Бүгін аспандағы Күн жүйлелерің бір сызыққа келген атауылы сәтте барлық ағайындарыма бақыт тілеймін. (хат есесі Т. Нүрлан ініме)
Құрметпен; Сұраған Рахметұлы