Munarmedia.kz ақпаратық-танымдық медиа портал
Астана
USD 501.21
Menu

Сұраған Рахметұлы. КЕШЕ

147


Алматы шаһары. Сұсты Алатау, тұтасқы тұман сеулектеніп тұр. Қазақтың алтын сапылы алмас жүзді алдаспаны Мұхтар Мағауин көкемнің теңгіри саялы ас аясы!  

Тауыриһаттағы бітіктегі бірегей сойлы Ұлы тұлғаның Көк тәңіріне алмасуының 40 күндік ас-садақасына келіп ниет, кеуіл жасап қайттық. Қазақ заманасының аруақты да киелі данышпандардың заңды жалғасы Мұхтар Мұқанұлы Мағауин жарқаның жүрек ізіне куәгер түмен бауырлардың ықылысын сезініп, ішке қарай аққан өкінішті көзжасымды өз демімізбен көлегейлеп, бүркеп аз аял құрдық. 

Дүниеғайыптың түгел ғаламатына сүңгіген сүлей қалам-хаттың қасиетті де ғажайып бір сапары Ағаның. Бағзы  баяғы Дэлүүн мен Дэлүүнболдог  2002 жылы сарала салқын күзінде өткен самалы жайлы еске оралады. 

Кешегідей де тура көзқарашығың алдында!?

Сағынышпен! Қараөткел бойындағы қайран ауылдағы Сиыршыбай Рахметұлы  көкемнің Мұхтар інісіне арнап көкқасқа шалған, күмістеп ниет сыйлап күлік мінгізген көң жұрт, алтын ұйықты Аралда!


Туралаған айдың он бес жаңасына сый болған зияратты шақтың куәсі маңдайлы Мағауиннің сапары. Сол һаһи сүрлеуде түсірілген Ұлы тұлғаның кейіпі керемет  сүгіреттерінің бірсыпырасы ұсынылыпты. 

Қүлтегін,  Білге, Тұңұқық тасқұтап бәдіздеріне сүйеніп, бақатақтар мен жозатақ, тутұғұмдардың іргесінде ойланып тұрған Мағауиннің мүсіндерін кейіптеген ең керемет сәттерімді қайыра түгендеп өттім...

Жаздың соңғы бозшарбы бұлтынан жұлынып құйылған жаңбырлы маусымның шырайына бөгіп, түземнің ермен еңкіген даласына аунап, қунап: Ай астында жайғасып отырып ғалами кеңестіің алаулы көрігін қыздырған Мағауин көкемнің бұ сапары ерекше еді ғой. 

Қатқылдың қыпшал  қапталындағы қайыршақты етегіндегі биік тас ұстынның оң қанатына келгенде:  соңғы кескінді түсіріп болған сәттегі сәдепті естеліктер түгел ертеңге деп түйінделіп,  түгенделіп жиналған-ды...

Баян-Өлгийден аттанар мезет,  кетер күннен бір күн бұрынағы кештегі алақүймаң аяулы да бұласапыраң сәттер... 

О, Құдайым, бес те ме әлде одан да салмақты ма баллдыққа шақ теңдігі бар жер сілкінісімен ұласып барып Мұқаңның бір барақатты ұлағатты, мұратты сапары салтанатты сәтімен тиянақталған-ды... 

Менің ұлым Олжас тарапы атасына арқар-құлжаның қорғасын қүйылған сақаларын сыйлап батасын алған сәті де кешегідей!

Ғажайып!

Көктің жұмағындағы көгілдір жұлдыз Мағауин көкем!