Шығыс Қазақстан облысындағы әскери бөлімде мерзімді қызметтегі сарбаз қаза тапты

29

Munarmedia.kz 26.01.2026 /Астана/-Шығыс Қазақстан облысында орналасқан әскери бөлімдердің бірінде мерзімді әскери қызметін өтеп жүрген сарбаздың қаза болғаны туралы ақпарат тарады.

Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің мәліметінше, 23 қаңтар күні Өскемен гарнизонына қарасты әскери бөлімдердің бірінде қарауыл қызметін атқару барысында мерзімді қызметтегі әскери қызметші өзіне бекітілген қарудан өз-өзіне оқ атқан. Алған жарақаттарының салдарынан ол оқиға орнында көз жұмған.

Сонымен қатар Қорғаныс министрлігі бұл оқиғаны суицид ретінде ресми түрде атаған жоқ.