Шымкентте танымал асаба есірткі қылмысына күдікпен ұсталды

18


Munarmedia.kz. 26.09.2026. ASTANA. Шымкенттегі қонақүй кешендерінің бірінде есірткінің заңсыз айналымына күдікпен 36 жастағы Астана тұрғыны ұсталды. Бұл туралы Қазақстан Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Полиция мәліметінше, қонақүй нөмірін тінту кезінде ақ түсті ұнтақ тәрізді зат салынған полимер пакет және өсімдік тектес зат табылып, тәркіленген.

Ұсталған азаматтың айтуынша, тәркіленген заттар мефедрон және халық арасында «мак» деп аталатын зат болып шыққан. Ол оларды жеке қолдану үшін сатып алғанын түсіндірген.

Полицияның хабарлауынша, күдікті – 36 жастағы Астана қаласының тұрғыны, С. есімді азамат. Оның жанында алдын ала мәлімет бойынша интимдік қызмет көрсететін әйел болған.

Қазіргі уақытта тәркіленген заттардың нақты құрамы мен мөлшері анықталып жатыр. Осы факті бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Ішкі істер министрлігі істің өзге мән-жайлары Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес жария етілмейтінін мәлімдеді.

Айта кетейік, қылмыстық іс бойынша адамның күдікті ретінде ұсталу фактісі оның кінәсі дәлелденді дегенді білдірмейді. Кінәлі немесе кінәсіз екені соттың заңды күшіне енген үкімімен анықталады.

#Munarmedia #Шымкент #Есірткі #Полиция #Қылмыс #Қазақстан #Жаңалық