Шымкенттегі М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің ректоры 28,5 миллион теңге пара алды деген күдікке ілініп, қамауға алынды.
“Мұхтар Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің ректоры 28,5 миллион теңге көлемінде парамен ұсталды”. Бұл ақпарат бұған дейін әлеуметтік желілерде тараған болатын. Сондай-ақ ондағы мәліметте оқу ордасының тағы екі лауазым иесі мен екі компания басшылары қамауға алынғаны айтылған”, деп жазды Otyrar.kz.
Сондай-ақ сайтта Шымкент қаласы бойынша экономикалық тергеп-тексеру департаментіндегілер ректордың ұсталғаны туралы ақпаратты растағаны айтылған.
Қазір тергеу жүріп жатыр. Тергеу құпиялығына байланысты департамент басшысының ортынбасары өзге ақпаратты айта алмайтынын жеткізген.