Мектепке дейіңгі бүлдіршіндердің ырғақты би қимылы арқылы денсаулықтарын нығайтып дамытудың маңызы
Мектепке дейінгі жас адам
өміріндегі өте жауапкершілікті кезеңдердің бірі яғни осы жас шамалық кезеңде баланың денсаулығының негізі, ақыл ойы,
психо-физикалық дамуы қаланып,оның жеке тұлғасы қалыптасады.
Дәлірек айтар болсақ,бала өсіп
дамиды, сонымен қатар әуенге сай ырғақты би қозғалыстарына деген қажеттіліктері
ұлғаяды.
Ал музыка әуеніне қозғалу
бұл-би.Ырғақты би-бала үшінқозғалыс арқылы өз-өздерін көрсетудің тәсілі болып
табылады.
Себебі мектепке дейінгі
жастағы баланың сөздік қоры бай емес,
сондықтан да бала өз сезімін, эмоциясын ырғақты би арқылы бейнелеп, қоршаған
ортаға жеткізеді.
Ал қазіргі заманғы музыка әуені
кең қозғалыстығымен, көңілді динамикасымен балаларға жақын.
Қазіргі заманғы балалар биін
балабақшада қолданудың тиімділігі ол: Балаларды музыкалық,психо-физикалық және
эстетикалық тәрбие жағынан әр-түрлі әсерлі
формаларды қолдана отырып, ырғақты би қозғалыстарын дамыту болыптабылады.
Ырғақты би қимылы арқылы бала тәрбиелік және білімділік қасиеттерді
бойына сіңіреді.
Ол баланың сезімдеріне тікелей әсер
ете отырып, оның рухани бейнесін қалыптастырады.
Ырғақты би қимылы тек ептілік,
әдемілік, шығармашылық мүсін ғана емес, баланы жігерлендіреді.
Хореография іс әрекетінде тек қана би үйретіліп қана қоймай,
денсаулықтары нығайып, ой-өрістері дамиды.
Бұлшық ет күштері жақсарып,икемділік,
төзімділік қабілеттері дамиды және дене
бітімдері түзеліп, сымбаттылыққа
тәрбиеленеді,әдемілікке деген құштарлықтары артады,яғни ырғақты би қимылы
баланың ішкі барлық ағзаларына әсер етеді.
Мысалы, ішкі рухани жағдайы өзгеріп,
мазасыздықты басып, қандағы картизоль деңгейін жақсартып, жалпақ табандылық,
омыртқа қисаю ауруларын алдын алады, сонымен қоса балалардың зияткерлік
деңгеінің артуына, оның ойлау
жылдамдығына ықпалын тигізе отырып есте сақтау қабілеттерін жақсартады.
Ырғақты би балаларды
эстетикалық құндылыққа тәрбиелейді. Эмоционалдық көңіл-күйін жақсарптады.
Өздеріңіз білетіндей біздің
кішкентай бүлдіршіндеріміздің
мінез-құлықтары әр түрлі-ашық,шапшаң, белсенді болса, ал кей біреулері ұялшақ,
қорқақ,ұяң балалар да болады.
Дәл осындай балалармен ырғақты
би сабағында балалардың тұйық мінезін ашып, көңіл-күйлерін жақсартып,
өз-өздеріне «МЕН» деген сенімдерін арттыруға болады.
Біздің бүлдіршіндеріміз
көптеген билерді үйреніп қана қоймай, ұлттық салт-дәстүрлерді тез қабылдайды.
Тәрбиеленушілердің
арасында ерекше биді жоғары орындау
шеберлігімен көзге түсіп жүргендері
қалалық, обылыс, республика, халқаралық деңгейіндегі сайыс-байқауларына қатысып
жүр.
Атап айтар болсақ ЖШС «Тайлақ KZ» балабақшамыздың мақтаныштары-Амангелді
Аяла, Әбен Айзере, Асанова Жанерсін, Нұрпиисова Анель, Тілектес Айзере, Серхан
Жансая олар өздерінің табиғи қабілеттерін жетілдіруде. Қазақ халқы би өнері
арқылы қайғы-мұңдарымен қуаныштарын жеткізе білген.
Әсем әуенді естігенде бойы
елітіп, би билегісі келмейтін жан
болмас. Ырғақты би қимылын қабылдау ерекшелігін белгілі бір деңгейдедайындық
кезеңінде жас ерекшеліктеріне қарай
анықтайды.
Заманымыздың
болашағы- жас ұрпақтың ой-өрісін, рухани байлығын, ырғақты би арқылы
бүлдіршіндеріміздің денсаулығын нығайтып, әсемділікке және де би қозғалыстарын
көркем мәнерлі орындауы мен эстетикалық
құндылыққа тәрбиелеу, жылдан-жылға жандандыру-би жетекшілерінің абыройлы
міндеті деп ойлаймын.
Талғатқызы Айнагүл,
Ақмола облысы, Целиноград
ауданы, Қараөткел ауылының «Тайлақ KZ» балабақшасының ән-күй жетекшісі.