Munarmedia.kz-23.11.2026ж/Астана/-Ресейдің Алматыдағы Бас консулдығы Тараз қаласында Ұлы Отан соғысында қаза тапқан кеңес жауынгерлеріне арналған мемориалдың қирауына байланысты Қазақстан тарабына дипломатиялық нота жолдады.
Ресей Сыртқы істер министрлігінің мәліметінше, 72 жауынгердің сүйегі жерленген мемориалдық нысан бір ай бұрын ғана, 15 қазанда, жөндеу жұмыстарынан кейін қайта ашылған. Ескерткішті қалпына келтіру жұмыстары Ресей тарапының қаржыландыруымен жүргізіліп, жөндеу жұмыстарын қазақстандық мамандар атқарған.
Алайда 18 қарашада Ресей дипломаттарына мемориалдың белгісіз адамдар тарапынан түгелге жуық қиратылғаны белгілі болған.
Бұл ескерткіш кезінде Жамбыл қаласындағы эвакуациялық госпитальдарда жарақаттан көз жұмған Қызыл армияның 72 белгісіз жауынгерінің жерленген жеріне орнатылған еді.
Осы оқиғаға байланысты Ресей тарапы Қазақстан билігінен жан-жақты тергеу жүргізуді, ескерткішті қиратқандарды анықтап, заң аясында жауапқа тартуды талап етті. Сондай-ақ мұндай оқиғалардың қайталануына жол бермеу қажеттігін мәлімдеді.
Қазақстан Сыртқы істер министрлігі Ресейден дипломатиялық нота түскенін растады. Ведомствоның хабарлауынша, тиісті тексеру жүргізіп, шара қабылдау үшін өтініш құқық қорғау органдарына жолданады.
Оқиғаға қатысты тергеу нәтижесі әзірге жарияланған жоқ.
#Тараз #Қазақстан #Ресей #Ескерткіш #Дипломатия #Тарих #MunarMedia


