Тәуелсіз Қазақстанның тұңғыш Бас мүфтиі Рәтбек қажы Нысанбайұлы өмірден өтті.

27

Munarmedia.kz. 18.01.2026 /Астана/ – 1990 жылы Қазақстан қазияты Орта Азия және Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы құрамынан шығарылып, Қазақстан мұсылмандарының тәуелсіз мүфтияты құрылды. Кейін бұл құрылым Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы болып қайта аталды. Аталған ұйымның алғашқы басшысы әрі Қазақстанның тұңғыш Бас мүфтиі болып Рәтбек Нысанбаев тағайындалды.

Рәтбек қажы Нысанбайұлы 1940 жылы 7 қарашада Оңтүстік Қазақстан облысында (қазіргі Түркістан облысы) дүниеге келген.

Ол – қазақстандық көрнекті діни қайраткер, Қазақстан қазиятының қазиі (1979–1990), Қазақстанның Бас мүфтиі (1990–2000) қызметтерін атқарған.

Рәтбек қазы Нысанбайұлы Құран Кәрімді қазақ тіліне У. Қыдырханұлымен бірлесіп аударған. Сондай-ақ ислам дініне арналған бірқатар кітаптардың авторы.

2020 жылы Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен діни-рухани саладағы сіңірген еңбегі үшін және 80 жылдық мерейтойына орай «Парасат» орденімен марапатталған (©Kazinform).