Тауман Назарбаев үйленгелі жатыр ма? Желіде қызу талқыланып жатқан ақпарат

Ulysmedia.kz Подробнее на: https://ulysmedia.kz/news/80618-syn-nursultana-nazarbaeva-zhenitsia-v-astane/
56

Munarmedia.kz.12.09.2026-ASTANA- Әлеуметтік желіде және қазақстандық ақпарат кеңістігінде экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевтың ұлы Тауман Назарбаевтың үйленгелі жатқаны туралы ақпарат қызу таралып жатыр.

Бұл туралы «Адырна» мен «Ұлысмедиа» ақпарат құралдары да жазды. Мәліметке сүйенсек, Тауман Назарбаевтың үйлену тойы Астанадағы сән-салтанаты жоғары қонақүйлердің бірінде өтуі мүмкін дейді,

Желі қолданушыларының назарын аударғаны — тойдың қайда өтетіні ғана емес, болашақ қалыңдықтың кім екені. Алайда қазірше оның есімі мен отбасына қатысты толық мәлімет ресми түрде жарияланған жоқ.

Тауман Назарбаев — Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың ұлы. Оның жеке өмірі бұған дейін де қоғам назарында болған. Сондықтан бұл жолғы ақпарат та әлеуметтік желіде бірден қызу талқыланып кетті.

Егер тараған мәлімет рас болса, Назарбаевтар әулетінде тағы бір үлкен той өтпек. Ал мұндай шараға кімдер қатысатыны, болашақ келіннің кім екені және тойдың нақты қашан өтетіні әзірге көпшілікке беймәлім.

Қазір әлеуметтік желідегі басты сұрақ — Тауман Назарбаев шынымен үйленгелі жатыр ма?

Әзірге Назарбаевтар отбасы бұл ақпаратқа қатысты ресми түсініктеме берген жоқ. Сондықтан тараған мәліметті әзірше ақпарат құралдары мен әлеуметтік желідегі хабарларға негізделген ақпарат ретінде қабылдаған жөн.