16.06.2026. ASTANA. Munarmedia.kz – «Таза Қазақстан» экологиялық бағдарламасы аясында жыл басынан бері елімізде 248 рұқсат етілмеген қоқыс орны анықталды. Сонымен қатар аумақтарды ластау және абаттандыру қағидаларын сақтамауға байланысты 177 мыңнан астам құқық бұзушылық тіркелген.
Уәкілетті органдардың мәліметінше, анықталған заң бұзушылықтар бойынша тиісті шаралар қабылдау үшін ондаған материал құзырлы мекемелерге жолданған. Сондай-ақ жергілікті атқарушы органдарға анықталған кемшіліктерді жою жөнінде ұсыныстар енгізілген.
Жүргізілген жұмыстардың нәтижесінде бүгінгі күнге дейін 153 стихиялық қоқыс полигоны жойылды. Экологиялық акция аясында елді мекендердің санитарлық жағдайын жақсарту, заңсыз қоқыс орындарының санын азайту және қоршаған ортаны қорғау бағытындағы жұмыстар жалғасып жатыр.
Мамандар қоршаған ортаның тазалығын сақтау әрбір азаматтың ортақ міндеті екенін атап өтеді. Осыған байланысты тұрғындар экологиялық талаптарды сақтауға, қоқысты белгіленген орындарға шығаруға және табиғатты қорғау ісіне белсенді қатысуға шақырылуда.
Айта кетейік, «Таза Қазақстан» бағдарламасы елді мекендердің экологиялық жағдайын жақсартуға, тұрғындардың экологиялық мәдениетін қалыптастыруға және қоршаған ортаны қорғау шараларын күшейтуге бағытталған.
#ТазаҚазақстан #Экология #ҚоқысПолигондары #ҚоршағанОрта #Тазалық #Қазақстан #ЭкологиялықМәдениет #Абаттандыру #MunarmediaKZ