Munarmedia.kz ақпаратық-танымдық медиа портал
Астана
USD 501.21
Menu

Тіл тәуелсіз болмай, -ел тәуелсіз болмайды.

137



Тәуелсіздік алғалы 33 жыл бойы мемлекеттік тілді дамыту керек деп отыз жылдан артық шуласақ та бір адым да алға жылжыған жоқ. Мәжіліс төрінде де, қоғамдық платформаларда да айтылды. Дегенмен сөз түрінде қалып жатқан қазақ тілінің ахуалы қазақтың саны 60 паайызға жетсе де, елдегі 3 млн орыс тілі басымдылық көрсетіп тұр. Тіпті соңғы уақыттар да күшейіп тұр десем артық айтқандық болмас. Мұның барлығы әлеуметтік желі мен бақылаусыз кеткен медиа контенттер мен мемлекеттік БАҚ, телеарналардағы Ресей пропагандасына негізделген немесе олардан көшіріліген бей-берекет, ұлттық болмысымызға тән емес бағдарламалардың әсері деп білем. Кішкентай ғана Латвия, Литва, Эстония тәуелсіздік алған кезден өздерінің ана тілін алға қойып, көршілес Ресейдің пропагандасын түбегейлі құртты. Өзбек, қырғыз, тәжік, түркімен, Кавааз елдері Кеңестің кезінде де  орыс тілін менсінбей, әдейілеп бұрмалап, күлкіге айналдырып жіберді. Осылардың арасынан суырылып, орыстың өзінен де таза сөйлеп, ана тілінен бас тартқан Қазақстан ғана. Соның өзінде жақпай "чурки", "мамбеты" деген сөздерді естіп жатса да Кремльді құбыла етіп алғандар, қайта-қайта тағзым жасауды қояр емес. Тіпті өз үйінде, мекемеде, Үкімет жиналыстарын да орысша сөйлеп, Ресей билігіне "адалдығын" көрсетіп жүрген қазақстан билігінің өкілдері, құрдымға кетіп бара жатқан ұрпақ туралы, өздерінің балаларының болашағы туралы ойлана бермейді ау. Тілі жоғалған елдің өзі де жоғалады деп Ахмет атамыз тегін айтпаса керекті. Кеше ғана биліктің төрінде анамның тілі-арым менің деп жүрген ағаларамыз "Орыс тілін қолдайтын қоғам құрайық" деген бірден дауыс беріп, артынан ерген мыңдаған қазақ бауырларын қиянат жасады. Әрине, біз айтамыз да, жазамыз да қоямыз. Көпұлтты, көп дінді елміз, толеранттықты сақтау керек, рушылдық, ескі қазақтың дәстүрі дегенміз артта қалған феодализмді көксеу деген сияқты билік тарапындағылардың сұқбаттарын күнде естіп жүрміз. Алайда қазақ мектебін бітіріп, орысша сөйлеп жүрген, немересімен орысша қатынасып, тойларда "Ой, мороздатып" отырған кеңестің қамытын шешіп үлгермен құл саналылар мен қазақтың жарқын болашағын ұлттық тілімен менталитетімен, мәдениетімен, салт-санасымен сақтағысы келетін екінші топтың арасындағы кикілжің ұзақ жылдарға созылатын түрі бар. Қазіргі таңда екеншісі жеңіліп тұр. Мемлекетіміз шекарасын бекітіп, тәуелсіздігін алғанымен сана тәуелсіздігі және жеке тұлға тәуелсіздігі болмай,  толық тәуелсіздік болмайды. 

Асылбек Байжұмаұлы