Munarmedia.kz ақпаратық-танымдық медиа портал
N/A Астана
USD 467.29
Menu

Топ-менеджерлерге төленетін 90 млн теңге: көп пе, әлде әділетті ме?

46




Бұл жаңалыққа қатысты экономикалық сарапшы Олжас Құдайбергенов пікір білдірді.

“ Сыйақылардың жалпы көлемі талданған кезде, операциялық басқарумен айналысатын басқарма және стратегиялық шешімдерді бекітетін директорлар кеңесі бар екенін ескеру қажет. Сондықтан, әдетте, басқармада жалақы едәуір жоғары болады, бұл әділетті.

Басқарманың белгіленген жалақысы бар және жеткізілген KPI-ге қол жеткізуге байланысты төленетін сыйақылар бар. Бұл ретте, егер басқарма құрамы өзгерген болса, онда есептерде жұмыстан кеткендерге төленген сома да қамтылады.

Директорлар кеңесіне келетін болсақ, әдетте тек белгіленген төлем бар, ал үстемақылар жоқ. Тәуелсіз директорларға үстемақылар төленетін жағдай сирек. Дей тұрғанмен, шетелдік азамат біздің елдің азаматынан бірнеше есе көп сыйақы алуы қалыпты тәжірибеге айналған. Кейде алалауға жол бермеу үшін қазақстандыққа шетелдікпен бірдей жалақы төленеді.

Жалпы, сыйақылардың ұсынылған сомалары көп деуге келмейді, орташа мәнге сай, ал кейбір жағдайларда нарықтан да төмен, мысалы, «Қазпоштада». Ондағы сома жоғарыда аталғандардың ішіндегі ең азы, екінші жағынан, қазіргі басшылық директорлар кеңесінің қолдауымен түбегейлі нәтижелерге қол жеткізді – 13 млрд шығыннан 2 млрд теңге табысқа жетті.

Жалпы, мұндай мәселелерді талқылау кезінде бір этикалық нюанс бар – егер басқармада (мысалы, «Қазатомөнеркәсіпте» өте адал адамның имиджіне ие басшы отыр) немесе директорлар кеңесінде отырған адал адамның арқасында ұрлық азайып, пайда өссе – мұндай адамға қомақты сыйақы төлеу орынды. Қомақты сыйақы төлеу тәжірибесі мемлекеттік секторға адал мамандардың келуіне жол ашады немесе, керісінше, олардың жеке секторға кетуіне тосқауыл қояды. Егер адам сенім тудырмаса немесе оның сыбайлас жемқор екенін бәрі білсе, онда заңды сұрақ туындайды – ол қалай тағайындалды? Бірақ бұл көшбасшылықты ынталандыру жүйесінен тыс мәселе.

Тұтастай алғанда, қазір «Қазпошта» ғана емес, көптеген мемлекеттік компанияларда жағдай жақсарып келеді. Айталық, ҚТЖ-да пайда 4 есе өсті, ал «Қазатомөнеркәсіп» жеткізілімдердің тұрақтылығы аясында кірісті 45% - ға арттырды (өте дұрыс тактика: тартымды ұсыныстар аясында жоғары бағада жеткізілімдерді күрт ұлғайту).

Және соңғысы. Өткен жылдармен салыстырғанда қомақты үстемақылар тәжірибесі жойылды. Қазір кез келген сыйақы мөлшері қандай да бір шартқа негізделеді және тексеріледі”.