Президентке атом электр стансасын кім салады деген сұрақ қойылды.
"Бұл күрделі сұрақ, бірақ менің бұл мәселеге қатысты жеке көзқарасым бойынша, ең озық технологиялары бар әлемдік компаниялардан тұратын халықаралық консорциум жұмыс істеуі керек. Ал одан арысын өмір көрсетеді", - деп жауап берді Тоқаев.