Munarmedia.kz 07.01.2025 /Астана/ Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2026 жылды Цифрландыру және жасанды интеллект жылы деп жариялау туралы Жарлыққа қол қойды.
Жарлық мәтінінде былай делінген:
«Цифрландыруды одан әрі дамыту және жасанды интеллектіні кеңінен енгізу мақсатында ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
2026 жыл Цифрландыру және жасанды интеллект жылы болып жариялансын.
Қазақстан Республикасының Үкіметі Цифрландыру және жасанды интеллект жылын өткізу жөнінде қажетті шараларды қабылдасын.
Осы Жарлықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне жүктелсін.
Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді».
Аталған құжат елде цифрлық трансформацияны жеделдетуге, сондай-ақ жасанды интеллект технологияларын мемлекеттік басқару, экономика және әлеуметтік салаларға жүйелі түрде енгізуге бағытталған.