Munarmedia.kz.06.07.2026. ASTANA – Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық домбыра күніне орай құттықтауында қазақтың қасиетті домбырасын әлемдік деңгейде кеңінен насихаттаудың маңыздылығына тоқталды.
Президенттің айтуынша, қазақ халқының рухани болмысын айшықтайтын домбыраның асқақ әуенін халықаралық қауымдастыққа таныстыру – баршаға ортақ ұлттық міндет.
– Біздің ортақ парызымыз – қазақ домбырасының асқақ сазын халықаралық қауымдастыққа кеңінен таныту. Көрнекті ақын Қадыр Мырза Әлінің «Нағыз қазақ – домбыра» деген қанатты сөзі домбыраны кең көлемде дәріптеу жолындағы жұмысымыздың темірқазығына айналуға тиіс деп есептеймін, – деді Мемлекет басшысы.
Президент ұлттық аспапты ұлықтау – халқымыздың мәдени мұрасын сақтап қана қоймай, оны әлемдік мәдени кеңістікте танытуға бағытталған маңызды міндет екенін атап өтті.
#MunarMedia #ASTANA #ҰлттықДомбыраКүні #Президент #ҚасымЖомартТоқаев #Домбыра #ҚазақМәдениеті #ҚадырМырзаӘлі #Қазақстан