Тоқаев рақымшылық жариялап, түрме жүйесін реформалау бастамасын көтерді

180

Munarmedia.kz.01.07.2025 /Астана/-Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев рақымшылық туралы жарлыққа қол қойды. Бұл шешімнің нәтижесінде 15 мыңнан астам азаматқа рақымшылық жасалады. Олардың шамамен екі мыңы бостандыққа шығады, ал қалғандарының жаза мерзімі қысқартылмақ.

Мемлекет басшысы бұл қадамның тұрақты тәжірибе емес, бір реттік, адасқан жандарға берілген мүмкіндік екенін баса айтты. Рақымшылық ең алдымен әлеуметтік осал топтарға — балалы әйелдерге, қарттар мен кәмелетке толмағандарға бағытталып отыр.

Президент Тоқаевтың негізгі мәлімдемесі:
«Қылмыстық-атқару жүйесі түбегейлі реформалауды қажет етеді».
Оның айтуынша, түрмелер тек оқшаулау орны емес, қайта тәрбиелеу орталығына айналуы тиіс. Қоғам тек жазалап қана қоймай, адамдарды өмірге қайта бейімдеуді үйренуі керек.

«Мейірімділік — ізгілікті халықтың айнымас қасиеті», — деп  Мемлекет басшысы әл-Фарабидің нақылын келтірді.