Тоқаев Сәденовті жұрт көзінше сынаған жоқ. Бірақ, бір өзгеріс болары сезіліп тұр...

65



Жақын арада президент Тоқаев құқық қорғау органдарының басшыларымен қайта кездесіп, саланы түбегейлі өзгертетін маңызды шешім қабылдамақ. Бұл туралы ол құқық қорғау органдарының кеңейтілген алқа отырысында мәлімдеді деп жазады Ertenmedia.

Президенттің айтуынша, құқық қорғау саласына терең әрі сапалы реформа қажет. Ол бұл реформалар мұқият ойластырылып, нақты нәтижеге бағытталуы тиіс екенін ерекше атап өтті.



«Құқық қорғау органдары үлкен әрі терең өзгеріске дайын болуы керек. Бұл бағыттағы барлық шешім асығыстыққа салынбай, әбден сараланып, нақты нәтижеге бағдарланған болуы шарт», – деді Мемлекет басшысы.

Президент сондай-ақ, бір апта ішінде құқық қорғау органдарындағы барлық кемшіліктерді талдап, саралаған арнайы құжат дайындауды тапсырғанын айтты.

Құжат құқық қорғау органдарының басшыларына жолданып, оның нәтижесі жабық форматтағы арнайы жиында талқыланбақ.

«Бүгін біз (министрліктегі) кемшіліктер туралы толық ашып айтпадық. Бірақ бұл мәселелерді жан-жақты талқыладық. Бір апта ішінде арнайы құжат дайындалып, барлық құқық қорғау органдарына жіберіледі. Кейін осы құжатты жабық отырыста кеңінен қарастыратын боламыз», – деді Тоқаев.



Дей тұрғанмен, Президенттің айтуынша, елдегі қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздік деңгейі айтарлықтай жақсарған.

«2019 жылдан бері қоғамдық орындағы қылмыс деңгейі 80 пайызға азайды. Тонау, ұрлық, бұзақылық әрекет төрт есеге қысқарды, кісі өлтіру қылмыстарының саны 30 пайызға төмендеді», – деп атап өтті Тоқаев.

Сәденовтың жұмысына қандай баға бересіз?