Президент Тоқаев қазақтардың шектен тыс қарызға батуы мәселесін тағы көтерді. Бизнес өкілдерімен кездесуде ол тұтынушылық несие беру қарқыны бәсеңдемегенін, керісінше, реттеуші органдардың қатаң шараларына қарамастан, жыл ішінде 33%-ға өсіп кеткенін атап өтті. Мұнымен қатар, проблемалық несиесі бар азаматтардың да саны көбейіп жатыр.
"Банктерге рефинанс жасау жүйесін күшейтіп, проблемалық несие көлемін арттырмау міндеті жүктеледі.
Бұл (билік үшін) саяси маңызы бар мәселе", - дейді ол.
Мемлекет тұтынушылық несиелеу саласын қатаң бақылауға алу үшін бірнеше рет шара қабылдаған.
Алайда бұлардың түк нәтиже бермегенін жақында Ұлттық банк басшысы

Тимур Сүлейменов мойындады. Оның пайымдауынша, несие алу қарқынының артуы халықтың нақты табысының төмендігімен байланысты.
Үкімет пен реттеуші органдар алдағы уақытта тағы қандай шектеулер енгізуі мүмкін екені белгісіз. Дегенмен, тұтынушылық несие нарығына бақылау күшейетіні анық.