Төрт адам арнайы жасақ қызметкерлеріне шабуыл жасаған

118



Астана полиция департаменті 21 қаңтарда арнайы жасақ қызметкерлеріне жасалған шабуылға қатысты жаңа мәліметтерді хабарлады.

«Астана полиция департаментінің ішкі қауіпсіздік басқармасы билік өкіліне қатысты зорлық-зомбылық әрекеттері бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдарын жүргізіп жатыр. Тергеу барысында шабуыл жасаған төрт адам да анықталып, соттың рұқсатымен қамауға алынды», — делінген хабарламада.

Ведомство тергеуге байланысты басқа ақпаратты жария етпеді.