Базалық тариф 10 пайызды құрайды, алайда көптеген елдер үшін бұл көрсеткіш одан жоғары болып отыр.
Мысалы, Қытайдан әкелінетін тауарларға салынатын баж салығы – 34 пайыз, Еуропалық Одақ елдерінен – 20 пайыз, Швейцариядан – 31 пайыз, Ұлыбританиядан – 10 пайыз, Израильден – 17 пайыз, ал Қазақстаннан – 27 пайыз. Ең жоғары салық Вьетнамға (46 пайыз), Камбоджаға (49 пайыз) және Лаосқа (48 пайыз) салынған.
Ресей бұл тізімде аталмаған. Сондай-ақ Мексика, Иран, Канада және Беларусь те бұл тізімде жоқ. Сонымен қатар, Вашингтон Украинадан келетін тауарларға 10 пайыз көлемінде баж салығын енгізу туралы шешім қабылдады.
Посткеңестік елдердің көпшілігі үшін 10 пайыздық баж салығы белгіленген, тек Молдова (31 пайыз) мен Қазақстанға (27 пайыз) ерекше мөлшерлеме белгіленген. Армения, Әзербайжан, Грузия, Өзбекстан, Түрікменстан, Қырғызстан және Тәжікстан үшін – 10 пайыз (Tengrinews).