Астана. MUNARMEDIA.KZ -Дональд Трамп Огайо
штатының сенаторы Дж.Д.Вэнсті вице-президенттіке тағайындайтынын мәлімдеді.
Құлағына оқ тиген Трамптың Республикалық Ұлттық сьезге келуі көбін таңқалдырды.
Жалпы Вэнс Трампты қолдамайтындардың бірі еді. Ең қызығы Вэнсті вице-проезидент
болады деп жариялағаннан кейін «Tramp-Vens» деген арнайы жазуы бар сайлауалды
науқанында пайдалануға ранлған ұшақ пайда болды.
Вэнс –Иельск университетінен білім алған, «Деревенская
элегия» кітабының авторы, капиталист. Бұған дейін ол Трампты «америкалық Гитлер»
деп сынаған еді. 2022 жылы Трамптың көмегімен АҚШ Сенатына сайланып, мемлекеттік қызметке келген еді.
Вице-президенттікке үміткер ретінде тіркелген соң Вэнс
Байденге қарсы шығып «Fox News» каналына берген сұқбатында 2020
жылы американдықтар «бос ыдыс» немесе «ақыл-есі дұрыс» емес адамды сайлады
деді.
Огайо тумасы Вэнске
қоғам «Деревенская элегия» кітабы шыққан соң және осы кітаптың желісімен фильм
түсірілгеннен кейін қоғам назарын аударды.
Трамп өз сөзінде Джей Ди Вэнс Конституцияны сақтауға және
Американы Ұлы мемлекет ету үшін барын салатын азамат деп мәлімдеді.
Трамптың билікке келуі автократиялық ұстанымдағы
мемлекеттер үшін жылымық болуы мүмкін. Себебі бұған дейің Трамп билікте болған
кезде АҚШ пен Ресей арасы біршама жақсы қарым-қатынаста болғанын білеміз.