АҚШ-тың бұрынғы президенті Дональд Трамп 8 мамырды ресми түрде Екінші дүниежүзілік соғыстағы Жеңіс күні ретінде жариялады. Бұл туралы ол өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында хабарлады.
Трамптың айтуынша, АҚШ-тың көптеген одақтастары бұл күнді бұрыннан атап өтсе де, нацизмге қарсы күресте шешуші рөлді дәл Америка атқарған.
– Көптеген одақтастарымыз бен достарымыз 8 мамырды Жеңіс күні ретінде атап өтеді. Бірақ Екінші дүниежүзілік соғыста жеңіске жету үшін бәрінен де көп еңбек еткен – бұл дәл біз, әрі басқалардан әлдеқайда көп, – деді Трамп. – Біз бірінші дүниежүзілік соғысты да, екінші дүниежүзілік соғысты да жеңдік. Қуатымыз, батырлығымыз бен әскери дарынымыз жағынан бізге тең келетін ел болған жоқ, – деп жазды ол.
Алайда АҚШ-та Трампқа қарсы наразылық шерулері жалғасуда. Митингке шыққандар экс-президентті авторитарлық басқару тәсілі үшін сынға алуда.