Munarmedia.kz ақпаратық-танымдық медиа портал
N/A Астана
USD 467.29
Menu

Трамп Израиль басқыншылығынан ХАМАС пен Хезболланы жоюды талап етуде

11



Дональд Трамптың жеңісі халықаралық аренада шиеленістің күшеюіне әкелді: ирандық риал тарихи төмен деңгейге құлдырап, ел экономикасына айтарлықтай зиян келтірді  Сонымен қатар, АҚШ-тың жаңа сыртқы саяси мақсаттары да айқын бола бастады.

Дереккөздерге сәйкес, Трамп Израиль басқыншылығының премьер-министрі Биньямин Нетаньяхудан келесі жылдың қаңтарына дейін ХАМАС пен Хезболланы толығымен жоюды талап етуде. Кейінгі жоспар бойынша Иранның экономикалық әлеуетін әлсірету мақсатында негізгі нысандарына соққы берілмек.

 Бұл әрекеттерден кейін Трамп Таяу Шығысқа барып, Израиль басқыншылығы мен сунниттік мемлекеттер арасында бейбіт келісімге қол қоюды көздеп отыр. Оның ойынша, бұл жаңа шарттар негізінде аймақта тұрақтылықты қамтамасыз етуге ықпал етуі тиіс. Сасаттанушылардың  болжауына қарағанда алдағы төрт жылда Иранның әскери, әлеуметтік-экономикалық жағдайы қиындауы мүмкін дейді. Бұдан бұрын да Трамп АҚШ билігінде отырған Иранның жағдайы өте ауыр болатын. Еркін экономикалық кеңістікке шығып, жағдайы түзеле бастаған Иран үшін Трамп тағы да қиындықтар туғызары сөзсіз. Осындай санкциялар мен әскери күштермен АҚШ Ливиядағы Муаммар Каддафи, Ирактағы Саддам Хусейін билігін тоқтатқан еді.