Трамп Израиль мен Хамас келісімге келгенін мәлімдеді

24

Munarmedia.kz 09.10.2025 /Астана/АҚШ Президенті Дональд Трамп бүгін маңызды мәлімдеме жасап, Израиль мен ХАМАС арасындағы бейбітшілік жоспарының алғашқы кезеңі бойынша екі  тараптың да келісімге келгенін жариялады. Бұл тарихи құжаттың қабылдануы – аймақтағы шиеленістің бәсеңдеп, бейбіт өмірге бет бұруының нақты дәлелі.

Президенттің айтуынша, жақын арада барлық тұтқындар босатылып, Израиль өз күштерін алдын ала келісілген шекара сызығына дейін кері шегіндіреді. Бұл қадам – ұзақмерзімді және тұрақты бейбітшіліктің негізін қалауға бағытталған алғашқы әрекет.

"Бұл – араб және мұсылман әлемі үшін, Израиль мен оның көршілері үшін, сондай-ақ Америка Құрама Штаттары үшін ұлы күн", – деді Трамп. Ол сондай-ақ бейбітшілік орнатудағы маңызды рөл атқарған Қатар, Мысыр және Түркия елдеріне алғысын білдірді.

"Тарихта бұрын-соңды болмаған бұл келісімге қол жеткізуге көмектескен барлық делдалдарға ризашылығымды білдіремін. Бейбітшілікті көздегендерге – береке болсын!" – деп қорытындылады сөзін АҚШ Президенті.