Трамп Тоқаевпен әңгімеден кейін ризашылығын білдірді және теміржол саласындағы ірі келісіммен құттықтады

51

Munarmedia.kz 22.09.2025 /Астана/ АҚШ пен Қазақстан арасында теміржол саласындағы ірі келісім жасалды. Құны 4,2 млрд доллар болатын бұл шартқа сәйкес, америкалық Wabtec компаниясының Астанадағы зауытында 300 жүк локомотиві өндірілмек. Аталған кәсіпорын 2009 жылдан бері жұмыс істеп келеді және осы уақытқа дейін 600-ден астам локомотив құрастырған.

АҚШ президенті Дональд Трамп Қасым-Жомарт Тоқаевты жаңа келісімшарттың жасалуымен құттықтап, екі ел арасындағы серіктестіктің нығаюын жоғары бағалады.

Сондай-ақ Трамп Қазақстан президентімен әңгімесінде экономикалық және сауда салаларындағы ынтымақтастықты кеңейтудің маңыздылығын атап өтті.