Қытайдың саяси сарапшысы Ху Вэй «Трамптың президент болуы Қытайға әкелетін бес артықшылық» атты мақаласында Трамптың Қытайға пайдалы болуы мүмкін бес жағдайды атап көрсеткен.
1. Трамп идеология мен саяси құндылықтарға мән бермейді және демократия мен авторитаризм арасындағы айырмашылықты елемейді. Ал Байден Қытай мен АҚШ арасындағы бәсекелестікті демократия мен авторитарлық режимдер арасындағы күрес деп санайды.
2. Трамп билікке келген соң, АҚШ-тағы саяси қарсыластарын және «жау» деп есептеген адамдарын әлсірету арқылы елдегі демократиялық жүйені әлсіретуі мүмкін.
3. Трамп «Америка бірінші орында» деген көзқарасты ұстана береді. Бұл АҚШ пен оның одақтастары арасында келіспеушіліктер туғызады. АҚШ-тың халықаралық көшбасшылық рөлі әлсіреген сайын, Қытай әлемдік аренада өз ықпалын күшейтеді.
4. Трамп Украинаға қысым көрсетуі мүмкін. Ресей-Украина соғысында жағдай Ресей үшін қолайлы болмақ, ал бұл Путинге стратегиялық артықшылық береді. Бұл жағдай кейбір сарапшылар айтқандай «Ресей Қытайға қарсы шығады» дегенге әкелмейді.
5. Трамп Тайвань мәселесінде келісімге келіп, Тайваньды «қорғаныс үшін ақы төлеуге» мәжбүрлеп, АҚШ-тың Тайваньға қатысты саясатын өзгертуі ықтимал.