Munarmedia.kz ақпаратық-танымдық медиа портал
N/A Астана
USD 467.29
Menu

Түрік елдерінің ортақ картасы жасалады

43


Көршілес елдердің болашақта «Тұран» мемлекеті құрылып кетуі мүмкін деген қаупі шындыққа айналып бара жатқандай. Жақында ортақ әліпби ойластырған түркітілдес елдер енді ортақ карта әзірлемек. АҚШ, Қытай, Ресей сынды өз мүдделерін ойлаған алпауыттардың ойыншығы болғанша тілі мен ділі, діні бір түркітілдес елдердің біріккені дұрыс сияқты. Бұл әрине ұзақ процесс. Алайда нақты шаралар қолға алына бастады. Жеке жеке жүрсек, бір-бірден түбімізге жетері сөзсіз. Сонымен Анкарада түркі елдерінің картографтар мекемесінің басшылары жиналып «Түркі елдерінің картография жөніндегі жұмыс тобын» құрды. Бұл әрине даулы мәселе. Көптеген мемлекеттерде шекараны бөлу мәселесіне нүкте қойылған жоқ. Қазақстанның өзінде де шекара мәселе толық шешілмеген тұстары баршылық. Дегенмен жұмыла көтерген, жүк жеңіл дегендей, түркі елдерінің картографтары жасайтын карта көптеген елдерге ұнамасы белгілі. Бірақ ортақ мақсат, ортақ мүдде, ортақ дәстүр біріктіретін түркітілдес елдердің жасап жатқан жұмыстарына сәттілік тілейміз.